28 окт 2020
Новости

По итогам этого мероприятия- получена награда!!

Үстіміздегі жылдың 29 қаңтарында Ғ.Мусірепов атындағы №5 орта мектебінде «Спорт сүйген жанұя» тақырыбында спорттық жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа №9 «Әлия» балабақшасы ересектер тобының балалары және №5 орта мектептің мектепалды даярлық 0 «ә» сынып оқушылары ата-аналарымен бірге қатысты.

Жарысты ұйымдастырып өткізген балабақша тәрбиешісі Туралиева Қ.К. және аталған мектеп мұғалімі Имашева Н.Ғ. Әр топ жеке команданы құрады –«Күншуақ» тобы және «Тұлпар» тобы. Командалар жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп берді. Әр тапсырманы тез, дұрыс және бірінші орындаған командаға әділ қазылар алқасы ұпай сандарын қойып отырды.

Аталған шара Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына  Жолдауын іске асыру шеңберінде халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, балалардың  ата-аналарын дене шынықтыру мен спортқа үгіттеу, спортпен айналысып балаларымен бірге белсенді уақыт өткізу, сондай-ақ ата-аналарды балабақша және мектеп өміріне белсенді қатысуға, салауатты өмір салтын ұстану барысында өз балаларына үлгі болуға баулу, ата-аналар арасында достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында өткізілді. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан әрбір адам салауатты өмір салтын ұстануы қажет.