20 Қар 2020
Жаңалықтар

Рухани жаңғыру

2018 жылдың 17 қаңтарында №9 «Әлия» балабақшасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының тұжырымдамалық негіздерін іске асырудың іс-шаралар жоспарына сәйкес балабақша педагогтарымен «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оның мақсаты - педагогтарға латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру.

 

Алдымен балабақша әдіскері Бағытжанова Б.С. педагогтарды ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығымен таныстырып өтті. Содан соң латын әліпбиіне көшудің тиімді де пайдалы тұстарын атады. Педагогтар осы мәселе бойынша өз ойларын ортаға салды, тиімді және тиімсіз тұстарымен бөлісті.

 

Әрі қарай педагогтар қазақ әліпбиінің латын қарпінде жазылу кестесімен танысып, экран бетіне шыққан сөздерді латын әліпбиіне сәйкес жазып, латын қаріптерімен жазылған мәтінді оқып жаттықты. Дөңгелек үстел барасында педагогтар көп мағлұмат алды.