20 Қар 2020
Жаңалықтар

«Менің елім – мәңгілік ел!» атты балабақша педагогтары арасындағы сөз байқауы

2019 жылдың 23 қаңтарында №9 «Әлия» балабақшасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында педагогтар арасындағы «Менің елім – мәңгілік ел!» атты сөз байқауы өтті.


Мақсаты:
 Педагогтар арасындағы ұлтжанды, патриотты, мәдениетті, отансүйгіштік азаматты тәрбиелеу арқылы олардың белсенділіктерін арттырып, қызығушылықтарын дамыту. Сүйікті ақынның өлеңдерімен оның шығармашылығынан жан-жақты деректер бере отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру, шығармашылыққа шыңдау. Педагогтарды  поэзияны сүюге, ақынның жырларын айта отырып ақындыққа баулу.


Сөз байқауы 3 кезеңнен тұрды.


І кезеңде педагогтар сүйікті ақындарының өлеңдерін жатқа әрі дауыс ырғағын келтіріп мәнерлеп оқуға жарысты. 


ІІ кезеңде қазақ халқының зиялы ақындары бейнеленген суреттері және қазақ кинофильмдерінен үзінділер көрсетіліп, оларды танып атауларын атады.


ІІІ кезеңде қазақи патриоттық әуендердің үзінділері тыңдалып, әндердің атауын және орындаушыларын атады.


Педагогтар шебер орындаушылық өнерін ортаға салды, олардың шеберлігі келесі номинациялар бойынша бағаланды: «Көркем сөз шебері», «Шебер орындаушы», «Мәнерлеп оқу шебері», «Нағыз сөз зергері», «Сахна шебері».