20 Қар 2020
Жаңалықтар

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арналған тақырыптық ашық шара өтті

2019 жылдың 29 қарашасында №9 «Әлия» бөбекжай-бақшасында 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арналған тақырыптық ашық шара өтті.

Шара барысында балаларға Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы көптеген мағлұмат берілді. Оның туып-өскен жері, отбасы, өмір жолы, қызмет еткен кезеңі туралы слайд арқылы көрсетіліп айтылды. Тәрбиеші Шаймарданова Н.И. балаларға тұңғыш Президентіміздің ұстанымын, өмір жолын үлгі етуге, өз Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа ұмтылуға шақырды. Балалар тұңғыш Президентке арнаған өлең-тақпақтарын оқыды, Қазақстан Республикасының Туы мен Елтаңбасының элементтерін дұрыс орналастырып шықты, олардың әрбіреуінің нені білдіретіні туралы айтып өтті. Балалар белсенділік танытты, шара жақсы деңгейде өткізілді.