№9 «Әлия» бөбекжай бақшасында 2022 жылдың 21 қазанында кезектен тыс жалпы ата – аналар жиналысы өтті.
Жиналыстың тақырыбы: «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамытудың жаңа бағдары» . Жиналыстың жалпы мақсаты: «Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартуға,балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тәсілдерін өзгертуге қатысты атаналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу.Тәрбиелеу-білім беру процесінің нәтижелі болуы үшін ата-аналардың жауапкершілігін арттыру». Жиналысты бөбекжай бақшасының меңгерушісі А.А.Купбосинова ашып әрі қарай бөбекжай бақшасының әдіскері Г.Т.Сирашева ата – аналарды бүгінгі таңда мектепке дейінгі ұйымның білім сапасын арттыру, педагогтердің балаларға арналған дамытушы процесті ұйымдастыруын, әлемде білімге деген көз қарастың жылдам дамып отырғанын, болып жатқан өзгерістерді ашып айтып, балаларды тәрбиелеуде отбасындағы жайлы жағдай, ата – аналардың моральдік қасиеттері зор маңызға ие екендігін айтты. Сонымен қатар балаларды тәрбиелеумен дамытуда отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның арасында ынтымақтастық, бірлік орнату керектігін басты назарда ұстауына шақырды. Жиналыс соңында ата – аналар өздерінің өзгерістер жөніндегі пікірлерімен бөлісіп, сұрақтарына жауап алды